КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
"МиГ" ЖШС — Алматы қаласындағы валюта айырбастау нарығында көшбасшылардың бірі. Компания 1999 жылы құрылған, бүгінгі таңда қаланың әр ауданында 32 айырбастау пункті жұмыс істейді. Біз өз жұмысымызда келесі қағидаттарды қатаң ұстанамыз: адалдық, кәсібилік және қызмет көрсету мәдениеті.
Біз АҚШ доллары, еуро, ағылшын фунты, Ресей рублі, қырғыз сомы, қытай юані, швейцар франкісi, ҚР Ұлттық Банкінің алтын құймаларымен, сондай-ақ тағы 15 қосымша валютамен жұмыс істейміз. Біз жұмыс сапасын дамыта отырып, айырбастау пункттерінің желісінің санын көбейтеміз. Бұл кез-келген көлемде белгілі бір валютадағы клиентердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ
МИССИЯМЫЗ
Біздің миссиямыз - қаланың кез келген ауданында адамдарды қолма-қол шетел валютасын ең жақсы бағам бойынша ауыстыру мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Тез, адал және қауіпсіз.
Тез, өйткені біз клиенттеріміздің уақытын бағалаймыз. Адал , өйткені біз өз клиенттерімізбен ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа ұмтыламыз.
Қауіпсіз, өйткені біз қолма-қол ақшамен жұмыс жасаймыз және клиенттеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз.
БІЗДІҢ
ФИЛОСОФИЯ
"МиГ" компаниясының философиясы өз жұмысын үнемі жетілдіру арқылы адамдарға барынша пайда әкелетін қолма-қол валюта айырбастау саласындағы қызметтерді жоспарлы, ұзақ мерзімді дамыту болып табылады. Біздің мақсатымыз: әрбір айырбастау пунктінде клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандырудың 100% деңгейіне жету. Біздің жұмысымыздағы ең бастысы — күнделікті жұмысымыздың нәтижесінде пайда болған клиенттер біздің алдымыздағы мінсіз бедел екенін түсінеміз.
СІЗДІҢ
ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ
Біз клиенттеріміздің қауіпсіздігі мен қалаусыз элементтердің кез-келген қол сұғушылығынан қорғаймыз. Әрбір айырбастау пункті бейнебақылау және бейнежазба жүйесімен, "дабыл шақыру" түймешегімен "Жедел Сақшы" ЖШС жылдам әрекет ету топтарымен қорғалған. Инкассацияны табельдік қарумен және бронежелеттермен жабдықталған "ABROY ENCASHMENT" ЖШС қызметкерлері, арнайы бронеавтобильдерде жүзеге асырады.
ТЕХНИКАЛЫҚ
ЖАБДЫҚТАЛУЫ
Әрбір айырбастау пункті валюталардың түпнұсқалығын анықтайтын аспаптармен, банкнот есептегіштермен, брондалған әйнектермен, ақшаны беруге арналған арнайы науалармен жабдықталған. Валюта бағамдарының өзгеруі туралы жедел ақпарат алу үшін барлық айырбастау пункттері Интернетке қосылған. Әрбір айырбастау пункті желдету және ауа баптау жүйесімен жабдықталған, VIP-клиенттерге қызмет көрсетуге арналған кабинасы бар.
ЖЕҢІЛДІКТЕР
ЖҮЙЕСІ
Әр айырбастау пунктінде менеджер бар, онда сіз кеңес ала аласыз және валютаның үлкен мөлшерін айырбастау кезінде жеке жеңілдіктер туралы келісе аласыз. Клиенттердің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін біз минималды маржаны орнатамыз (сатып алу-сату арасындағы айырмашылық). Әр валюта үшін ол әр түрлі болуы мүмкін, өйткені бұл осы валютаның өтімділігіне байланысты.
ПЕРСОНАЛДЫ
ТАҢДАУ
Біз қызметкерлерді іріктеуге көп көңіл бөлеміз. Әрбір қызметкерге қоятын негізгі талаптарымыз: адалдық пен парасаттылық, кәсіпқойлық және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, өзіне жауапкершілік ала білу. Әрбір қызметкер сол немесе өзге де лауазымға өту үшін кәсіби жарамдылығы бойынша сынақтамалау топтпмасынан (тест сериясынан) өтеді. Кассирлер міндетті түрде шетелдік қолма-қол валютамен жұмыс істеу жөнінде сертификат алу үшін екінші деңгейдегі банктерде оқудан өтеді. Барлық менеджерлер мен жеке қызметкерлер арнайы психологиялық тренингтерде оқытылды.