Клиенттерге арналған ақпарат
"МиГ" айырбастау пунктерінің қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы бақылайды. Айырбастау пунктінің жұмысына қатысты ескертулер болған кезде шағымдар мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Панфилов көш., 98 үй (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің аумақтық филиалының пошталық мекенжайы) жіберілсін. Шағымды қарау үшін онда мынадай мәліметтерді хабарлауды сұраймыз:
- өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
- жеке сәйкестендіру нөмірі;
- өтініш берушінің мекенжайы;
- айырбастау пунктінің мекенжайы;
- осы айырбастау пунктін ашқан, айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) атауы;
- шағымның мазмұны;
- айырбастау пункті бұзушылыққа жол берген күн және уақыт;
- айырбастау пункті кассирінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Шағымды беру үшін өтініш берушінің қолтаңбасы қажет.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсету бойынша
Лицензияға өтініштер: МиГ 1 | МиГ 2 | МиГ 3 | МиГ 4 | МиГ 5 | МиГ 6 | МиГ 7 | МиГ 8 | МиГ 9 | МиГ 10 | МиГ 11 | МиГ 12 | МиГ 13 | МиГ 14 | МиГ 15 | МиГ 16 | МиГ 17 | МиГ 18 | МиГ 19 | МиГ 20 | МиГ 22 | МиГ 23 | МиГ 24 | МиГ 25 | МиГ 26 | МиГ 27 | МиГ 28 | МиГ 29 | МиГ 31 | МиГ 32 | МиГ 33 | МиГ 34
ҚР Азаматтық кодексінің 1-тармағының No23 бабына сәйкес «Кәмелеттік жасқа толмаған, он төрт жасқа толмаған (жас балалар) үшін келісімдерді олардың атынан заңды өкілдері жүзеге асырады». Жоғарыда баяндалғанмен байланысты «МиГ» ЖШС 14 жасқа толмаған тұлғаларға қолма-қол ақшадағы шетел валютасын айырбастау бойынша операциялар жүргізуден бас тартуға құқылы.
Мәміле телефон арқылы жасалып, валюта бағамы күрт ауытқыған жағдайда тапсырысты орындау уақыты жеке келісіледі. Келісілген уақыттан соң бұрынғы бағамға біз кепілдік бермейміз.
Ақшаларыңызды кассадан алшақ кетпей тұрып, санап алыңыздар! Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан
Республикасындағы екінші деңгейлі банктерде және жекелеген банк операцияларды және банкноталарды, металл ақша мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы No 58 қаулысына сәйкес, егер клиенттер кассадан алшақ кетпей тұрып айырбастау пунктінде немесе қайта санауға арналган арнайы орында кассирдің қатысуымен ақшаны қайта санап алмаса, олардың төлем жасауға жарамайтын, күмәнді банкноталардың немесе металл акшаның жетіспеушілігі анықталғандығы туралы өтініштері қанағаттандырылмайды.
Кассирлердің қызметіне шағым мен наразылықтарыңызды білдіргіңіз келсе, ақша айырбастау орнының мекен-жайын, күні мен уақытын жазып +7(701)091-47-80 (WhatsApp) жіберіңіз, немесе осы нөмірге хабарласуыңызды өтінеміз.